Жуырда Алматыда өткен жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллекттің дамуы үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өткен болатын. Бұл мәселеге менің жеке көзқарасым Президенттің айтқан ойлары қазіргі заман талабына толық сай деп есептеймін.
Бүгінде жасанды интеллект тек технология саласының емес, жалпы қоғамның даму бағытын айқындайтын негізгі факторға айналып отыр. Сондықтан оны экономиканың барлық саласына енгізу – Қазақстан үшін дұрыс әрі қажетті қадам деп ойлаймын. Әсіресе білім беру, медицина, өндіріс сияқты салаларда бұл технология үлкен мүмкіндіктер ашары сөзсіз.
Сонымен қатар, Президент айтқан «технологиялық сақтық шаралары» да өте орынды. Себебі жасанды интеллектті бақылаусыз қолдану қауіп тудыруы мүмкін: деректер қауіпсіздігі, жұмыс орындарының қысқаруы, ақпараттың бұрмалануы сияқты мәселелер бар. Сондықтан даму мен қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті сақтау өте маңызды.
Жалпы алғанда, Қазақстанның жасанды интеллектіні дамытуға бағыт алуы – елдің болашағы үшін маңызды әрі уақыт талабына сай шешім. Ең бастысы – бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп, қоғам игілігіне қызмет етуі керек.
Мадина Сабыржанқызы
Жылый ауданы әкімі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы


