Тәртіпті қоғам – қауіпсіз қоғам


 Менің ойымша, қоғамдық тәртіптің бұзылуы ең алдымен адамдардың жауапкершілігінің төмендігінен пайда болады. Кейбір адамдар қоғамдық көлікте, көшеде немесе демалыс орындарында өздерін еркін ұстап, айналасындағы адамдардың құқығын елемейді. Мысалы, қатты айқайлау, қоқыс тастау, қоғамдық мүлікті бүлдіру немесе ережелерді сақтамау – мұның бәрі басқа адамдарға қолайсыздық тудырады.

Қоғамдық орындардағы тәртіп бұзу тек мәдениетсіздік қана емес, сонымен бірге қоғамдағы жалпы тәртіпке нұқсан келтіретін әрекет деп ойлаймын. Себебі бір адамның ұсақ болып көрінетін әрекеті (мысалы, қоқыс тастау немесе ережені бұзу) басқаларға да теріс әсер етіп, жалпы ортадағы тәртіпті төмендетеді.
 Менің пікірімше, мұндай жағдайдың алдын алу үшін ең алдымен тәрбие маңызды. Отбасында және мектепте балаларға қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керектігі үйретілуі керек. Сонымен қатар, заң талаптарын қатаң сақтау және тәртіп бұзғандарға тиісті жаза қолдану да қоғамдағы тәртіпті сақтауға көмектеседі.

                                   Ақмарал Нұрғалиева
   «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Атырау облыстық филиалының аудандық басқарма басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT