«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы бүгінгі қоғамдық сұранысқа толықтай жауап береді.
Мемлекеттің құқықтық жүйесін нығайту — кез келген реформаның сәтті жүруінің басты кепілі. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар, әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және құқық бұзушылықтарға жазаның күшейтілуі дер кезінде қабылданған шешім болды. Алайда, тек заңдарды қабылдап қана қоймай, олардың іс жүзінде мүлтіксіз орындалуын қадағалау маңызды. Құқық қорғау және сот жүйесінің ашықтығы мен әділдігі халықтың мемлекетке деген сенімін арттырады. Заңның қаталдығы емес, жазаның қашып құтылмайтындығы басты қағидаға айналуы тиіс. Сонымен қатар, цифрландыру шаралары да адами факторды азайтып, тәртіптің орнауына септігін тигізеді. Тұтастай алғанда, бұл бағыт — Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыратын негізгі стратегиялық қадам.
Ақжарқын Қабдолова




