Бұзақылық — қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты бұзатын жаман әрекет. Ол төбелес шығару, адамдарды қорқыту, қоғамдық орында әдепсіз қылық көрсету немесе мүлікті бүлдіру сияқты әрекеттер арқылы көрінеді. Мұндай іс-әрекеттер адамдарға қауіп төндіріп, қоғамда қорқыныш пен сенімсіздік туғызады.
Бұзақылық жасаған адам тек заңды бұзып қана қоймай, айналасындағы адамдарға құрметсіздік көрсетеді. Сондықтан әр адам өзін мәдениетті ұстап, заң мен тәртіпті сақтауы керек деп ойлаймын.
Тыныш әрі қауіпсіз қоғам құру — барлығымыздың ортақ міндетіміз.
Айнагүл Қосшықызы
«Қоғамдық келісім» КММ-нің аудан бойынша бас сарапшысы


