Заң мен тәртіп тақырыбы әрбір азаматқа ой салуы керек деп есептеймін, себебі еліміздің дамуы мен халықтың тыныштығы қоғамдағы тәртіпке және адамдардың заңға деген құрметіне тікелей байланысты.
Әр адам өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің де құқығын құрметтеуі, заң талаптарын орындауы және қандай жағдайда да әділдік пен адамгершілікті ұстануы қажет. Әсіресе, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, балаларға кішкентай кезінен тәртіпті болудың, жауапкершілікті сезінудің және өз әрекетіне есеп берудің маңызын түсіндіру маңызды. Отбасында, мектепте және қоғамда дұрыс тәрбие берілсе, жас ұрпақ та заңды құрметтеп, елдің дамуына өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасады. Барлығымыз заңға бағынуды өзімізден бастасақ, елімізде тыныштық пен тұрақтылық нығайып, әрбір отбасы алаңсыз өмір сүретін қоғам құра аламыз.
Айару Амангелді




