Халқымыз «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деп бекер айтпаған. Расында, заң мен тәртіп сақталған жерде тұрақтылық пен тыныштық болады.
Сондықтан бұл тақырып қазіргі қоғам үшін аса маңызды деп санаймын. Кей жастар заң бұзуды ерлік немесе еркіндік деп түсінеді. Алайда мұндай көзқарас қате. Заңды сақтау – өзіңді де, өзгені де құрметтеу деген сөз. Қоғамдағы әр адамның қауіпсіздігі тәртіпке байланысты.
Еліміздің дамуы әр азаматтың заңға деген құрметінен басталады. Егер бәріміз тәртіпке бағынып, жауапкершілік танытсақ, Қазақстанымыз одан әрі дамыған, бейбіт мемлекетке айналады.
Д.ІЗБАСАР


