Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің дамуы заң мен тәртіптің сақталуына тікелей байланысты. Әрбір азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын орындағанда ғана ел ішінде тұрақтылық пен өзара сенім қалыптасады.Тәртіп – үлкен жетістіктердің бастауы. Ол отбасынан басталып, білім беру ұйымдарында жалғасып, қоғамдық өмірде орнығады. Сондықтан жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік және заңға құрмет сияқты құндылықтарды сіңіру – баршамыздың міндетіміз. Заң мен тәртіпке негізделген қоғамда адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді, ал мемлекет тұрақты дамуға қадам басады. Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін әркім заңды құрметтеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосуы қажет.
Айша Талапкер, Жылыой ауданы тұрғыны



