Тәртіп – тәрбиенің бастауы

Заң мен тәртіп – әрбір өркениетті қоғамның негізі.

Қоғамда тыныштық пен қауіпсіздік болуы үшін әр азамат белгіленген заң талаптарын сақтап, өз әрекетіне жауап бере білуі қажет. Кейде қарапайым ғана тәртіп бұзушылықтың өзі үлкен мәселеге әкелуі мүмкін. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындарда тәртіпті болу, бір-бірімізге құрметпен қарау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен маңызға ие.

Заңды құрметтеу отбасынан басталады. Бала ата-анасының іс-әрекетіне қарап өседі. Сол себепті әрбір ата-ана баласына жақсы үлгі көрсетіп, адалдыққа, тәртіпке және жауапкершілікке тәрбиелеуі керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру да маңызды. Өз құқығын білетін және өзгенің құқығын құрметтейтін азамат қана қоғамның дамуына үлес қоса алады. Заңға бағыну – қорқыныштан емес, саналы түрде орындалатын азаматтық міндет болуы тиіс.

Әйгерім Дүйсенбаева

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT