Тәртіп – адам өміріндегі маңызды ұстанымдардың бірі.
Тәртіп бар жерде ұйымшылдық, өзара сыйластық пен жауапкершілік қалыптасады. Ал заң мен тәртіпті сақтау – қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін ортақ міндет. Әрбір азаматтың іс-әрекеті қоғам өміріне әсер етеді. Сондықтан әр адам өзінен бастап тәртіп сақтап, айналасына үлгі болуы қажет.
Ең алдымен, тәртіп отбасындағы тәрбиеден басталады. Ата-ана баласына адал болуды, өзгенің еңбегін бағалауды, үлкенді құрметтеуді және жасаған ісіне жауап беруді үйретеді. Осындай тәрбие алған бала өскенде қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын орындауға және өз міндеттерін адал атқаруға бейім болады. Сондықтан өскелең ұрпаққа заңды құрметтеудің маңызын түсіндіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Жанар Мұқанова




