Тәртіп – өркениетті қоғамның айнасы

Кез келген мемлекеттің мәдени деңгейін оның көшелерінен, қоғамдық орындарынан және азаматтарының мінез-құлқынан байқауға болады. Тәртіп сақталған жерде адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді, ал қоғам тұрақты дамиды.

Көп жағдайда адамдар заңды бұзбауды тек айыппұлдан немесе жазадан қорқу деп түсінеді. Алайда тәртіптің негізінде жауапкершілік жатыр. Қоғамдық көлікте орын беру, көшені белгіленген жерден өту немесе қоршаған ортаны таза ұстау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі құқықтық мәдениеттің көрінісі. Тәртіпті қоғам бір күнде қалыптаспайды. Ол отбасы тәрбиесінен, мектептен және әр адамның азаматтық ұстанымынан басталады. Сондықтан заң мен тәртіп мәселесі тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті деп есептеймін.
Райымбек ЖҰМАҒАЛИЕВ, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT