Тәртіп пен заңдылық - ел болашағы

Заң мен тәртіп жоқ жерде ешқашан тұрақтылық пен даму болмайды.

Кез келген мемлекеттің қуаты оның қатал заңдарымен емес, азаматтарының тәртіптілігімен өлшенеді. Әрбір адам құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» танытқанда ғана қоғам тазарады. Заңды сыйлау – өзіңді және айналаңдағы адамдарды құрметтеудің ең басты белгісі. Сондықтан жастардың бойында кішкентай күнінен бастап құқықтық сананы ояту маңызды. Көшедегі қарапайым тазалықты сақтаудан бастап, үлкен заңдарды орындауға дейін әркім жауапты. Мемлекет тарапынан заңның әділ әрі тең орындалуын бақылау – басты міндет. Егер әр азамат өз міндетін терең түсінсе, қылмыс деңгейі де айтарлықтай төмендейді. Әділетті қоғам құру тек билікке емес, әрқайсымыздың күнделікті іс-әрекетімізге байланысты.

Қоршаған ортада тәртіп орнатуды әр адам алдымен өз өзінен бастауы қажет.

А.Марат

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT