Бопсалау — адамның әлсіздігін пайдаланып, өз пайдасын ойлайтын әділетсіз әрекет. Кейбір адамдар қорқыту немесе қысым жасау арқылы оңай жолмен ақша не пайда тапқысы келеді. Бірақ мұндай әрекет ешқашан дұрыс болмайды, себебі ол басқа адамның еркіндігі мен тыныштығына зиян келтіреді.
Бопсалау болған жерде адамдар өздерін қауіпсіз сезінбейді. Сондықтан қоғамда адалдық, құрмет және заңға бағыну маңызды деп ойлаймын.
Әр адам мәселені күшпен емес, дұрыс жолмен шешуді үйренуі керек.
Райымбек Сағындықов
Құлсары қаласы мешітінің бас имамы


