Тәртіп орнаған жерде сенім де орнығады

Кез келген саланың дамуы үшін ең алдымен тұрақтылық пен тәртіп қажет. Бұл қағида бизнесте де, күнделікті өмірде де өзекті.

Заң үстемдік еткен қоғамда адамдар өз еңбегінің қорғалатынына, құқықтарының сақталатынына сенеді. Ал сенім бар жерде даму болады. Сондықтан «Заң мен тәртіп» бастамасын қоғамның өркендеуіне бағытталған маңызды ұстаным деп қабылдаймын. Тәртіп – тек талап қою емес. Ол – ортақ ережені сыйлау, өз ісіңе жауап беру және өзгеге құрметпен қарау. Осындай құндылықтар орныққан елдің болашағы да берік болады.

                 Қуаныш Жаңбырбаев, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT