Тәртіп көшеден емес, отбасынан басталады

Қоғамдағы заң мен тәртіп мәселелері көбінесе полиция қызметімен немесе мемлекеттік бақылаумен байланыстырылады.

Бірақ тәртіптің алғашқы мектебі отбасы екенін ұмытпауымыз керек.Бала кішкентай кезінен үлкенді сыйлауды, кезекте тұруды, қоғамдық орындардағы мәдениетті мінез-құлықты үйренсе, ол өскенде заңды да құрметтейді. Ал егер жауапкершілік пен тәртіп сезімі қалыптаспаса, заң талаптарын орындау сыртқы мәжбүрлеуге айналады. Соңғы жылдары қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыру туралы көп айтылып жүр. Дегенмен, құқықтық мәдениетті қалыптастыру тек мектептің немесе мемлекеттің міндеті емес. Әр отбасы өз баласына адалдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетуі қажет.

        Аманжан Бекболатов, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT