Тыныш әрі қауіпсіз қоғам өздігінен қалыптаспайды.
Оның негізінде заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және бір-бірімізге деген жауапкершілік жатыр.
«Заң мен тәртіп» қағидатының мәні де осында. Заң бәріне ортақ болған кезде ғана қоғамда әділдік пен тұрақтылық орнығады. Әр азамат өз әрекетінің айналасындағыларға әсер ететінін түсінуі маңызды. Бүгінгі тәртіп – ертеңгі қауіпсіздіктің кепілі. Сондықтан заңды сақтау тек міндет емес, өзімізге және қоғамға деген құрмет деп қабылдауымыз керек. Қауіпсіз орта қалыптастыру – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Ақтан Еділ, Жылыой ауданы тұрғыны




