ТӘРТІП БАР ЖЕРДЕ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТА БАР

Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың негізінде тәртіп жатыр.

Көшедегі қауіпсіздік, қоғамдық орындардағы мәдениет, азаматтардың өз міндетін жауапкершілікпен орындауы – барлығы заң талаптарын сақтаудан басталады. Кейде «кішкентай ғана заң бұзушылық» деп қараған әрекет үлкен мәселеге әкелуі мүмкін. Сондықтан әр азамат өз ісінің салдарын түсініп, заң шеңберінен шықпағаны жөн.

    Заң мен тәртіпті сақтау – қорқыныштан емес, саналы жауапкершіліктен туындауы керек. Қоғам мүшелері осы ұстанымды берік қалыптастырғанда ғана қауіпсіз әрі жайлы орта құрылады.

 

Сандуғаш Бақтиярова, Жылыой ауданы тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT