Қоғамның тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіз өмір сүруі ең алдымен тәртіпке байланысты. Тәртіп – тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес, ол әрбір азаматтың күнделікті әрекетінен қалыптасатын құндылық.
Қазіргі таңда елімізде заң мен тәртіп қағидаты мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналды. Бұл бастама азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етуде.
Тәртіп ең алдымен отбасынан басталады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, заң талаптарын сақтау – мұның барлығы қоғамдағы тәртіптің негізі. Егер әр адам өз міндетіне жауапкершілікпен қараса, көптеген құқық бұзушылықтардың алдын алуға болады.
Сұлушаш Алтынбекқызы, Жылыой ауданы тұрғыны



