Қауіпсіз әрі берекелі қоғам құру үшін заң мен тәртіптің сақталуы аса маңызды. Заң адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеп, әркімнің құқығы мен бостандығын қорғауға қызмет етеді.
Ал тәртіп – сол заңдардың күнделікті өмірде орындалуының көрінісі. Қазіргі таңда қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадам. Әр адамның заңға бағынуы мен өзгелердің құқығын құрметтеуі қоғамдағы өзара сыйластықты арттырады.
Заң мен тәртіпті сақтау әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталады. Өз ісіне адал, заңға құрметпен қарайтын адамдар көбейген сайын еліміз де қауіпсіз, әділетті және дамыған мемлекетке айналады.
Нұрия Ғасырбекова, Жылыой ауданы тұрғыны



