Отбасындағы татулық пен өзара сыйластық – қоғамның тұрақтылығының негізі.
Кей жағдайда тұрмыстық мәселелер мен түсініспеушіліктер жанжалға ұласып жатады. Алайда қандай жағдай болмасын, мәселені күш қолдану арқылы шешуге болмайды.
Отбасы мүшелері бір-бірін тыңдап, сабыр сақтап, кез келген келіспеушілікті бейбіт жолмен шешуге ұмтылғаны дұрыс. Тұрмыстық жанжалдың алдын алу үшін жақын адамдарға қолдау көрсетіп, қиын жағдайда тиісті мамандардан көмек сұраудың маңызы зор. Әр шаңырақта өзара құрмет пен қауіпсіздік бірінші орында болуы тиіс.
Бекнұр Нұрғалиев



