Транскаспий байланыс желісі – Қазақстанның цифрлық дамуына жаңа мүмкіндік

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісінің іске қосылуы еліміздің цифрлық әлеуетін арттыру жолындағы маңызды бастама деп есептеймін.

Бұл жоба халықаралық ақпарат алмасуды жеделдетіп, Қазақстанның Азия мен Еуропаны байланыстыратын цифрлық көпір ретіндегі орнын нығайтуға ықпал етеді.

 

Бүгінде технология қарқынды дамып, цифрлық қызметтерге деген сұраныс артып келеді. Осындай жағдайда жоғары жылдамдықты әрі тұрақты интернет инфрақұрылымының болуы ел экономикасының дамуына тың серпін береді. Жаңа байланыс желісі деректерді тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейтіп, заманауи технологияларды енгізуге және цифрлық қызметтердің сапасын арттыруға жол ашады.

 

Сонымен қатар бұл бастама Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, екі елдің стратегиялық әріптестігін нығайта түседі. Транскаспий бағытының цифрлық салада дамуы халықаралық байланыстарды кеңейтіп қана қоймай, еліміздің технологиялық инвестициялар тарту мүмкіндігін де арттыра алады.

 

Менің ойымша, мұндай жобалардың басты маңызы – Қазақстанның тек ақпаратты тасымалдаушы ел ғана емес, оны сақтау, өңдеу және цифрлық қызметтерді дамыту орталығына айналуына мүмкіндік беруінде. Сондықтан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі – еліміздің цифрлық болашағына салынған маңызды инвестиция әрі халықаралық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған стратегиялық қадам.

 

Ж.ӘБДІКӘРІМОВА,

"Кең Жылой" газетінің жауапты хатшысы 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT