Тонаудың қоғамға тигізетін зияны

Қазіргі таңда тонау оқиғалары түрлі себептерге байланысты орын алады. Кейбір адамдар оңай жолмен пайда табуды көздесе, енді біреулері жұмыссыздық, әлеуметтік қиындықтар немесе теріс орта әсерінен қылмысқа барады. Дегенмен қандай жағдай болмасын, ешбір себеп заң бұзуға және өзгенің мүлкіне қол сұғуға негіз бола алмайды. Әр азамат өз әрекетіне жауапты болуы тиіс және заң талаптарын сақтауы қажет.

Тонаудың қоғамға тигізетін әсері өте кең. Мұндай қылмыстар көбейген сайын адамдардың құқық қорғау органдарына, қоршаған ортаға деген сенімі төмендеуі мүмкін. Әсіресе қарт адамдар, әйелдер мен балалар үшін көшеде еркін жүру қиынға соғады. Бұл қоғамдық тәртіптің әлсіреуіне және тұрғындардың өмір сапасының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан тонаумен күресу тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті деп санаймын.

 Менің ойымша тонаудың алдын алу үшін жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды. Мектептер мен оқу орындарында заңды құрметтеу, адал еңбек ету және азаматтық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуі керек. Сонымен қатар бос уақытты тиімді ұйымдастыру, спорт пен мәдени шараларға тарту да жастардың теріс жолға түсуінің алдын алады. Отбасының тәрбиесі де ерекше рөл атқарады, өйткені адамгершілік пен адалдық қасиеттері ең алдымен отбасында қалыптасады.

                     Санат Аязбай 
                            Қалалық әкімшілік заңгері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT