Менің ойымша, терроризм – қазіргі қоғам үшін ең қауіпті құбылыстардың бірі. Терроризм адамдарды қорқыту, үрей туғызу және белгілі бір мақсаттарға күш көрсету арқылы қол жеткізу әрекеттерімен сипатталады. Мұндай іс-әрекеттер бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті бұзады.
Терроризмнің ең үлкен зияны – жазықсыз адамдардың зардап шегуі. Террористік әрекеттердің салдарынан көптеген адамдар қаза тауып, жарақат алады, ал олардың жақындары ауыр қайғыға душар болады. Сонымен қатар, терроризм халық арасында қорқыныш пен сенімсіздік тудырып, елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына кері әсер етеді.
Терроризмнің алдын алу үшін жастарға дұрыс тәрбие беру маңызды. Оларды адамгершілікке, толеранттылыққа, өзге адамдардың пікірін құрметтеуге және заңды сақтауға үйрету керек. Сонымен қатар, адамдардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру да экстремистік және террористік идеялардың таралуына жол бермейді.
Бибінұр Құдайбергенқызы
Қалалық теміржол станциясының маманы



