Темекінің зиянына бейжай қарамайық

Темекі шегу – адамның өз денсаулығына ғана емес, айналасындағы адамдарға да әсер ететін әдет.

Әсіресе жасөспірімдердің темекіге ерте әуестенуі алаңдатады. Жас кезде қалыптасқан зиянды әдет кейін денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін.

 

Сондықтан темекінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп, жастардың бос уақытын пайдалы өткізуіне жағдай жасау маңызды. Салауатты өмір салтын ұстану – әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігінен басталады.

 

Гүлмира Нұрланова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT