Темекі шегу – адам денсаулығына кері әсер ететін зиянды әдеттердің бірі.
Әсіресе жастардың темекі мен электронды темекіге әуестенуі алаңдатады. Мұндай әдет адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, айналасындағы адамдарға да кері әсерін тигізеді.
Менің ойымша, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, темекінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, зиянды әдеттерден аулақ болғаны дұрыс.
Г.Оразова




