ТЕМЕКІДЕН БАС ТАРТУ – ДЕНСАУЛЫҚҚА ЖАСАЛҒАН ДҰРЫС ТАҢДАУ

Денсаулық – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Оны сақтау үшін күнделікті әдеттерге де мән берген жөн. Соның ішінде темекі өнімдерін тұтынудың адам ағзасына кері әсері туралы ақпараттандыру және жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу – маңызды міндет.

Темекіге тәуелділік бір күнде қалыптаспайды. Адам оны алғашында қызығушылықпен немесе достарының ықпалымен байқап көруі мүмкін. Кейін әдетке айналып, одан бас тарту қиынға соғуы ықтимал. Сондықтан «бір рет қана» деген ойдың өзі зиянды әдеттің басталуына себеп болуы мүмкін екенін жастарға түсіндіру қажет.

Әсіресе жасөспірімдер арасында темекі өнімдерін тұтынудың алдын алу маңызды. Баланың ортасы, достары, отбасы және бос уақытын қалай өткізетіні оның қалыптасуына әсер етеді. Осыған байланысты ата-аналардың баласымен ашық сөйлесіп, зиянды әдеттердің салдарын түсіндіруі маңызды.

Мөлдір Есенова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT