Тазалықты өзімізден бастауымыз керек

«Таза Қазақстан» акциясын қолдаймын.

Осындай шаралар кезінде көшелердің, аулалардың тазарып, айналаның көркейіп қалғанын көріп, көңіл қуанады. Бірақ тазалық тек сенбілік кезінде жасалатын жұмыс емес деп ойлаймын.

 

 Өз басым «біреу жинап алады» деген түсініктен арылуымыз керек деп есептеймін. Әр адам өзі отырған жерін таза ұстап, қоқысын кез келген жерге тастамаса, қаламыздың да көркі кіре түседі. Балаларымызға да тазалықты сөзбен емес, өз ісімізбен көрсетуіміз қажет.

 

«Таза Қазақстанның» маған ұнайтыны – адамдарды ортақ іске жұмылдырып отырғаны. Бір адамнан үлкен өзгеріс байқалмауы мүмкін, бірақ барлығымыз бірге әрекет етсек, нәтижесі көрінеді. Сондықтан тазалықты акция ретінде ғана емес, күнделікті әдетке айналдырсақ екен. Туған жеріміздің таза болғаны – ең алдымен өзімізге жақсы.

 

                Нұрдәулет Керешов

  «ACG» мекемесінің нұсқаушысы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT