ТАЗАЛЫҚТЫҢ ТҮБІ – ТӘРБИЕ

   Тазалық – адамның мәдениеті мен тәрбиесінің айнасы.

Үйінің ішін ғана емес, ауласын, көшесін, туған жерін таза ұстауға ұмтылған адам қоршаған ортаға деген жауапкершілігін де танытады.

      «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының тағы бір маңызды қыры – жастарды табиғатты аялауға, қоғамдық ортаға жанашыр болуға тәрбиелеуі. Сенбіліктер мен көгалдандыру жұмыстарына қатысқан жас буын тазалықтың маңызын іс жүзінде түсінеді. Ең маңыздысы – бұл әдет бір реттік шарамен аяқталмай, күнделікті өмір салтына айналуы.

 

Нұрман Жолдас, Жылыой ауданы тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT