«Таза Қазақстан» жобасы аясында жастардың табиғатқа деген көзқарасы жаңа деңгейге көтерілді.
Біз еріктілер тобымен бірге қала маңындағы өзен бойларын және саябақтарды қоқыстан тазартуды әдетке айналдырдық. Азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру — бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Жай ғана қоқыс жинап қоймай, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын да белсенді жүргізіп жатырмыз. Тазалықты сүю — отансүйгіштіктің ең бірінші көрінісі деп білемін. Көркем де таза табиғатты келешек ұрпаққа аман-есен аманаттау баршамыздың парызымыз.
Р.Ғафу




