«Таза Қазақстан» акциясы маған бір қарапайым ойды ұғындырады: елдің тазалығы – тазалық қызметкерлерінің ғана емес, осы елде өмір сүріп жатқан әр адамның жауапкершілігі.
Бір талды сындырмай сақтау, қоқысты жерге тастамау, айналаңа жанашырлықпен қарау – үлкен істің бастауы. Кейде қоғамға өзгеріс енгізу үшін үлкен дүниенің қажеті жоқ. Өз аулаңды таза ұстаудың өзі – туған жерге деген құрмет.
Меніңше, «Таза Қазақстанның» басты мәні – тазаланған көше емес, өзгерген сана. Бүгін біз табиғатты қорғасақ, ертең балаларымызға таза әрі жайлы орта қалдырамыз.
Мұрат Тыныштықұлы
Аудандық №5 спорт мектебінің директоры



