Тазалықтан басталған тәртіп

 

Тазалық – қоршаған ортаның ғана емес, қоғамдағы тәртіптің де айнасы. Елді мекеннің әрбір көшесі мен ауласының таза болуы тұрғындардың жауапкершілігі мен мәдениетінің көрінісі.

Бүгінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарды ортақ іске белсенді қатысуға шақыруда. Мұндай бастамалар адамдарды табиғатты аялауға, қоқысты белгіленбеген жерге тастамауға және қоғамдық орындарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелейді.

Туған жердің тазалығы тек арнайы қызметтердің жұмысына байланысты емес. Оған әр тұрғын өз үлесін қоса алады. Бір адамның қарапайым әрекеті көпшілікке үлгі болып, үлкен өзгеріске бастайды. Сондықтан таза орта қалыптастыру – бүгінгі буынның басты міндеттерінің бірі.

Ермек Жанұзақов

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT