Тазалықтан басталатын патриотизм

 

Кейбір игі істердің дауысы шықпайды. Бірақ оның ізі ұзаққа қалады. «Таза Қазақстан» – дәл сондай үнсіз басталып, үлкен өзгеріске бастайтын бастама. Мен үшін тазалық – сыпырылған көше де, жиналған қоқыс та емес. Ол – туған жерге деген құрмет, келер ұрпаққа деген жауапкершілік. Табиғат бізге аманат болып берілді. Сол аманатқа адал болу – әр азаматтың парызы.
Бүгін егілген бір көшет ертең бір әулетке сая болуы мүмкін. Бүгін көтерілген бір уыс қоқыс ертең бір баланың табиғатқа деген көзқарасын өзгертуі мүмкін. Үлкен өзгерістер осындай қарапайым қадамдардан басталады.
«Таза Қазақстан» маған бір шындықты ұқтырды: туған жердің тағдыры алыстан шешілмейді. Ол әр адамның өз ауласынан, өз көшесінен, өз жүрегінен басталады. Сондықтан бұл бастамаға қатысу – міндет емес, елге деген сүйіспеншілікті іспен дәлелдеудің ең әдемі жолы.

                                
                                Нариман Қанатжанұлы
              
 Аудандық прокуратурасының прокуроры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT