Мен үшін «Таза Қазақстан» – айналаны жинастырудан әлдеқайда ауқымды ұғым. Бұл – өзің тұратын өлкеге жанашырлық таныту, қоғамдық мәдениетті қалыптастыру және келешекке деген жауапкершілікті сезіну. Таза көше, күтімді саябақ, көгалдандырылған аула – бәрі де тұрғындардың белсенділігі мен ынтымағының нәтижесі.
Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау әр адамның өмір салтына айналуы тиіс. Табиғатты таза ұстау үшін үлкен мүмкіндік немесе ерекше жағдай қажет емес. Керісінше, күнделікті қарапайым әрекеттердің өзі қоғамға оң әсер етеді. Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға атсалысса, елді мекендердің ажары артып, өмір сүруге қолайлы орта қалыптасады.
Меніңше, «Таза Қазақстан» бастамасының басты құндылығы – адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдыруында. Осындай игі бастамалар азаматтардың туған жерге деген қамқорлығын күшейтіп, экологиялық мәдениеттің орнығуына ықпал етеді. Тазалықты бір реттік шара емес, күнделікті дағдыға айналдырсақ, еліміздің көркеюіне әрқайсымыз нақты үлес қосқан боламыз.
Әсел Сангарейқызы
Аудандық орталық аурухананың ұйымдастыру-әдістеме бөлім басшысы



