Тазалықтан бастайық

Қазіргі таңда экологиялық мәселелер әлем бойынша өзекті болып отыр. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау әрбір азаматтың күнделікті дағдысына айналуы қажет. «Таза Қазақстан» акциясы осы жауапкершілікті халыққа тереңірек түсіндіруге ықпал етуде.

Менің ойымша, акцияның басты жетістігі – адамдарды тазалыққа бір реттік емес, тұрақты түрде атсалысуға шақыруында. Егер әр адам өз үйінің ауласын, жұмыс орнын, көшесін таза ұстауды әдетке айналдырса, үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады. Тазалық мәдениеті қалыптасқан қоғамда тәртіп те, жауапкершілік те жоғары болады.

Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы – жай ғана экологиялық шара емес, ол азаматтық мәдениетті, туған жерге деген құрметті және ортақ жауапкершілікті қалыптастыратын маңызды қоғамдық бастама деп есептеймін. Еліміздің көркеюі мен дамуы әрқайсымыздың қарапайым әрекетімізден басталады.

                 Анар Жүнісова
                   Кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT