Тазалықпен түлеген туған өлке


Туған жердің тазалығы – әр адамның өз үйінің тазалығындай маңызды мәселе деп ойлаймын. Себебі біз өмір сүріп отырған орта – барлығымызға ортақ мекен. Табиғатты қорғау, көшелерді таза ұстау, айналамызды көркейту үлкен бастамалардан емес, әр адамның күнделікті әрекетінен басталады.
«Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды бір мақсатқа біріктіріп, елді мекендердің көркеюіне үлкен серпін беріп отыр. Бұл тек тазалық жұмыстарын жүргізу емес, адамдардың санасына жауапкершілік пен ұқыптылық мәдениетін қалыптастыратын маңызды жоба. Акция барысында жастардың, тұрғындардың және түрлі мекеме өкілдерінің белсенділік танытуы – жақсы үрдіс.
Меніңше, туған жерге деген құрмет оны таза ұстаудан көрінеді. Ағаш егу, қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау – әр азаматтың атқарар шағын болса да, маңызды ісі. Бүгінгі жасаған әрбір игі қадамымыз ертеңгі ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Есен Темірбаев
Қалалық әкімдіктің бас маманы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT