Тазалыққа негізделген жаңару    

Мен «Таза Қазақстан» акциясын елдің экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды бастама деп бағалаймын. Бұл акцияның ерекшелігі – қоғамның әр мүшесін қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыруында. Тазалық – тек сыртқы көрініс емес, ол адамдардың мәдениеті мен азаматтық ұстанымының көрсеткіші.

Акция аясында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін күнделікті өмірден байқауға болады. Көшелер мен саябақтар тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылып, қоғамдық орындардың келбеті жақсарып келеді. Мұндай игі істер тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттырып, табиғатты қорғаудың маңызын терең сезінуге мүмкіндік береді.

Сондықтан бұл бастама еліміздің көркеюіне, табиғаттың сақталуына және азаматтық жауапкершіліктің артуына ықпал ететін маңызды жоба деп санаймын. Таза Қазақстанды қалыптастыру үшін әрбір тұрғын белсенділік танытып, ортақ іске өз үлесін қосуы қажет. Сонда ғана келер ұрпаққа таза әрі көрікті елді мұра ете аламыз.

                                    Жанар Дюсупова
                   Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT