“Таза Қазақстан” акциясын өте қажетті бастама деп есептеймін. Себебі тазалық мәселесі тек коммуналдық қызметтердің емес, барша тұрғындардың ортақ міндеті. Көшелердің, саябақтардың және қоғамдық орындардың таза болуы – тұрғындардың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрсеткіші.
Осындай акциялар адамдарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырып, табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіреді. Әсіресе жастардың белсенді қатысуы қуантады.
Таза әрі көрікті ортада өмір сүру үшін әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет.
Альфия Аңдамасова
Аудандық аурухананың психологы



