«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған ең маңызды бастамалардың бірі. Бұл акцияның басты мақсаты тек көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау емес, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру деп есептеймін. Себебі тазалық әр адамның өз үйінен, өз ауласынан және өз көшесінен басталады.
Егер әркім айналасын таза ұстап, қоқысты арнайы орындарға тастап, табиғатқа жанашырлықпен қараса, еліміздің келбеті де көркейе түседі. Мұндай игі шаралар жастарға үлгі болып, оларды туған жерін қадірлеуге, табиғатты қорғауға тәрбиелейді.
Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясына тек мемлекеттік мекемелер ғана емес, барлық тұрғындар белсенді қатысуы қажет. Өйткені таза әрі көрікті орта – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Болашақ ұрпаққа экологиялық жағынан қауіпсіз, көрікті ел қалдыру – баршамыздың міндетіміз.
Аққаным Байжан
№19 жалпы орта білім беру ұйымының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



