Тазалыққа  үн қосайық!

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны көркейтуге ғана емес, адамдардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама деп есептеймін. Тазалықты тек сенбілік кезінде емес, күнделікті өмір салтына айналдырған жөн. Әркім өз ауласын, көшесін, жұмыс орнын таза ұстаса, еліміздің де келбеті көркейе түседі.

Табиғатты аялау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. Ағаш отырғызу, қоқысты арнайы орындарға тастау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – әр азаматтың қолынан келетін қарапайым, бірақ маңызды іс. Осындай игі қадамдар арқылы ғана біз таза әрі жайлы орта қалыптастыра аламыз.

Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасына әрбір тұрғын белсенді қатысып, тазалықты өмірлік ұстанымына айналдырса, қоғамымыздың экологиялық мәдениеті де жоғарылай түседі.


                                                         Бейбарыс Қойшыұлы 
                                    «Жылыой мерген» клубының  вице-президенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT