«Таза Қазақстан» акциясы – ел көлемінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған аса маңызды бастамалардың бірі деп есептеймін.
Бұл тек сенбілік ұйымдастырумен шектелетін науқан емес, әрбір азаматтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға үндейтін жүйелі жұмыс болуы тиіс. Қала мен ауылдың тазалығы – тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі.
Өз басым тазалықты сақтау әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет деп санаймын. Қарапайым қоқысты белгіленген орынға тастау, қоғамдық орындарды ластамау, табиғатты аялау – үлкен өзгерістердің бастауы. Осындай бастамалар арқылы біз жас ұрпаққа үлгі көрсетіп, экологиялық тәрбиені қалыптастыра аламыз.
Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілетін шараларға белсенді қатысу – әрбір саналы азаматтың міндеті. Бірлесе әрекет еткенде ғана біз таза, көрікті әрі жайлы Қазақстанды қалыптастыра аламыз деп сенемін.
Айнагүл Қосшықызы
Атырау облысы ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудан бойынша бас сарапшысы


