«Таза Қазақстан» акциясы туралы айтқанда, ең алдымен адамның өзінен басталатын қарапайым дүниелер ойға келеді.
Кейде үйімізді, ауламызды таза ұстауға тырысамыз да, сыртқа шыққанда сол жауапкершілікті ұмытып кететін кездер болады. Меніңше, осы әдетті өзгерту маңызды.
Соңғы уақытта көшелерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, аулалар ретке келтіріліп жатқанын жиі көремін. Мұндай жұмыстардың нәтижесін көргенде, өзің де айналаңа ұқыптырақ қарағың келеді. Әсіресе балалардың сенбілікке қатысып, үлкендермен бірге еңбек еткені жақсы әсер қалдырады.
Бірақ бір күн тазалап, келесі күні қайта қоқыстап кетсек, оның мәні болмайды. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы адамдардың күнделікті әдетіне әсер етсе екен деймін. Қоқысты белгіленген жерге тастау, көшеге ұқыпты қарау, өз аулаңды таза ұстау – аса қиын нәрсе емес. Ең бастысы, оған немқұрайлы қарамау.
Нұргүл Нұрланқызы
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының психологы



