«Таза Қазақстан» акциясының басты ерекшелігі – тазалықты бір реттік науқан ретінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыру. Өйткені туған жердің тазалығы бір ғана мекеменің немесе коммуналдық қызметтің міндеті емес. Бұл – аудан тұрғындарының барлығына ортақ іс.
Әр тұрғын өз ауласын таза ұстап, қоқысты белгіленбеген жерге тастамай, қоғамдық орындарға ұқыпты қараса, ауданның жалпы келбеті де өзгере түседі. Таза көше, жинақы аула, көрікті орта – елді мекеннің мәдениеті мен тұрғындардың жауапкершілігін көрсетеді.
Сондықтан тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлерімен қатар тұрғындардың, жастардың, еріктілердің және қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуы маңызды.
Ғалым Қарабалин




