Менің ойымша, «Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын еске салатын маңызды бастама. Осы тұрғыда көшенің, ауланың немесе демалыс орындарының таза болуы әрбір тұрғынның іс-әрекетіне байланысты.
Акция халықты ортақ іске жұмылдырып, қоғамдық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Әсіресе балалар мен жастар үлкендердің үлгісін көріп өседі. Сондықтан тазалықты сақтау мәдениетін отбасынан бастап қалыптастыру қажет. Әр адам өзі тұрған жердің тазалығына бейжай қарамаса, мұндай акциялардың нәтижесі де әлдеқайда тиімді болар еді.
Бақтылы Боранбайқызы,
Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің психологы


