Тазалыққа бірге үлес қосайық

Бүгінде  «Таза Қазақстан»  акциясы арқылы қоршаған ортаны тазартумен ғана шектелмей, адамдардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға үлкен әсер етуде. Қазіргі таңда экологиялық мәселелер бүкіл әлемді алаңдатып отырғандықтан, мұндай шаралардың маңызы күн сайын артып келеді. 

Менің ойымша, бұл акция адамдарды бірлікке, еңбекқорлыққа және туған жерді құрметтеуге тәрбиелейді. Сенбіліктерге қатысып, көшелерді, саябақтарды, өзен-көл маңын тазалау арқылы адамдар қоршаған ортаға жанашырлық танытады. Әсіресе жастардың белсенді қатысуы қуантады, себебі жас ұрпақ табиғатты қорғаудың маңызын ерте түсінуі керек.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға көмектеседі. Егер әр адам қоқысты кез келген жерге тастамай, тазалықты сақтауды әдетке айналдырса, еліміздің келбеті де әдемі әрі таза болар еді. Таза орта адамның денсаулығына да, көңіл күйіне де оң әсер етеді. 

                                            Серік Мәтениязов
                          
                                Жылыой ауданының құрметті азаматы
                           

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT