«Таза Қазақстан» акциясын мен жай ғана сенбілік немесе аумақты тазалау жұмысы деп қабылдамаймын.
Бұл – әр адамның туған жеріне деген құрметін ісімен көрсетуі деп ойлаймын.
Көшені тазалап, тал егіп, айналаны көркейту – көзге көрінетін жұмыс. Ал оның артында тазалыққа деген мәдениет, табиғатқа деген жанашырлық және елге деген жауапкершілік жатыр. Өз үйіміздің айналасын қалай таза ұстасақ, туған жерімізге де сондай қамқорлықпен қарауымыз керек.
Тазалықты біреуден күтпей, әрқайсымыз өзімізден бастасақ, қоғам да өзгереді. Таза көше – таза ойдың, таза орта – жарқын болашақтың бастауы. Сондықтан «Таза Қазақстан» – баршаға ортақ игі іс, ортақ жауапкершілік деп білемін.
Дүйсәлі Қалдыбай
"Қазақ зағиптар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалына қарасты Жылыой аудандық бөлімшесінің мүшесі



