Тазалыққа бейжай қарамайық

 

 Тазалық – адамның табиғатқа деген құрметінен, туған жеріне деген сүйіспеншілігінен басталады. «Таза Қазақстан» акциясы осы құндылықтарды дәріптейтін маңызды бастама деп ойлаймын. Себебі көрікті көше, таза аула мен жайқалған жасыл желек – жай ғана әдемі көрініс емес, ол қоғамның мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.

Біз табиғатты өзімізден кейінгі ұрпаққа аманат ретінде қалдырамыз. Сондықтан әрбір отырғызылған көшет, әрбір жиналған қоқыс, әрбір таза көше – болашаққа жасалған игі қадам. 

Мұндай игі іске тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де үлес қосуымыз қажет. Себебі туған жердің тазалығы – оны мекендейтін әрбір азаматтың жүрегінен басталады.

      Мария Ізмағамбетова 
Аудандық аурухана ардагерлер ұйымының төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT