«Таза Қазақстан» – тек көшелерді тазарту немесе ағаш отырғызумен шектелетін науқан емес. Бұл – қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгертетін, әр азаматтың жауапкершілігін арттыратын маңызды бастама. Менің ойымша, туған жердің тазалығына бейжай қарамау – елге деген сүйіспеншіліктің нақты көрінісі.
Күнделікті өмірде қарапайым ғана әрекеттердің өзі үлкен нәтижеге бастайды. Қоқысты арнайы орынға тастау, табиғат аясында демалғаннан кейін айналаны таза қалдыру, жасыл желекті күтіп-баптау – мұның бәрі ортақ іске қосылған үлес. Осындай дағдылар қоғамда кеңінен қалыптасса, айналамыз да көркейіп, экологиялық мәдениетіміз жаңа деңгейге көтеріледі.
Біз таза әрі жайлы ортада өмір сүргіміз келсе, өзгерісті өзгеден күтпей, өзімізден бастауымыз қажет. Өйткені туған жердің көркеюі мен табиғаттың сақталуы – әрқайсымыздың күнделікті ісімізге байланысты. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасын барша азамат қолдап, табиғатты қорғауды өмірлік қағидаға айналдырса, оның игілігін бүгінгі буын ғана емес, келер ұрпақ та көреді.
Мөлдір Хасанғалиқызы
№3 жалпы орта білім беретін мектептің ұстазы



