«Таза Қазақстан» акциясы туралы алғаш естігенде, оны тек аумақтарды тазарту жұмысы деп ойлаған едім. Бірақ уақыт өте келе бұл бастаманың мәні әлдеқайда терең екенін түсіндім. Меніңше, бұл акция адамдардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, туған жерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.
Кейде біз қоршаған ортаның тазалығы өздігінен сақталуы керек деп ойлаймыз. Алайда көшеде жатқан бір тал қоқыс немесе сынған ағаш бұтағының өзі адамның немқұрайлы көзқарасын көрсетеді. Сондықтан табиғатты қорғау үлкен істерден емес, күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады. Қоқысты арнайы орынға тастау, ағаштарды сындырмау, су көздерін ластамау – әр азаматтың орындауға тиіс міндеті.
Туған жердің көркі – оның табиғатында. Жасыл желекке көмкерілген саябақтар, мөлдір өзендер мен таза көшелер әрбір адамға қуаныш сыйлайды. Мұндай ортаны сақтау үшін бәріміз бірлесе еңбек етуіміз қажет. Табиғаттың бізге берген байлығын қадірлеу – өз болашағымызды қорғаумен тең.
Асқар Ізбасаров
Нашақорлыққа қарсы күрес комитетінің мүшесі
Тазалық – өзіңнен басталатын өзгеріс
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 16



