Тазалық – қоршаған ортаның ғана емес, тұрғындардың мәдениеті мен ортақ жауапкершілігінің көрінісі. Осы бағытта елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы Жылыой ауданында да жүйелі түрде жалғасып келеді.
Акция аясында аудан аумағын абаттандыру, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау, санитарлық жағдайды жақсарту, күл-қоқыстарды шығару және қоршаған ортаны көркейту бағытындағы жұмыстарға басымдық берілуде.
Алдағы уақытта аудан көлемінде тазалық жұмыстары одан әрі күшейтіліп, елді мекендердің көркін ажарландыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Бұл ретте тек орталық көшелер ғана емес, аулалар, қоғамдық орындар, саябақтар мен тұрғындар жиі баратын аумақтардың тазалығына да ерекше көңіл бөлінуі маңызды.
Әсем Жайнақова



