«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты аялауға бағытталған маңызды бастама. Бұл акцияның басты мақсаты – көшелерді, саябақтарды, өзен-көлдердің жағалауын тазалап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Табиғаттың тазалығы әр адамның жауапкершілігіне байланысты. Егер әр азамат өз ауласын, мектебін, қаласын таза ұстаса, еліміздің экологиялық жағдайы жақсара түседі. Қоқысты арнайы орындарға тастау, ағаш отырғызу және табиғатты қорғау – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. «Таза Қазақстан» акциясы – тек сенбілік емес, бұл табиғатты құрметтеуге тәрбиелейтін маңызды қозғалыс. Таза табиғат – дені сау ұлттың кепілі.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ



