Тазалық жақсы әдеттің бастауы

 

Сенбілік  қоршаған ортаны қорғап, қаланың көркін арттыруға бағытталған маңызды шара. Бұл тек бір күндік жұмыс емес, әрбір тұрғынның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс игі іс.Мен өзім де аумағымды күн сайын тазалап отыруды әдетке айналдырғанмын. Себебі тазалық тек сыртқы көрініс емес, ол тәртіп пен жауапкершіліктің белгісі. Әр адам өз ауласынан бастап үлгі көрсетсе, қаламыз да көркейіп, таза болары анық.
Баршаңызды тазалықты сақтауға, сенбіліктерге белсене қатысуға шақырамын. Таза қала өз қолымызда!                
Қала тұрғыны Қанат Көпбаев

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT